20-05-20 |
1660 рет қаралған
Порошенко Украина мемлекетіне сатқындық жасаған ба?.
Порошенко Украина мемлекетіне сатқындық жасаған ба?

фото: strana.ua

Украин және орыс баспасөзі Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенконың төңірегіндегі кезекті даулы мәселені қызу жазып жатыр.

19 мамырда халық депутаты Андрей Деркач: «Біз Петр Порошенко мен Джозеф Байденнің даусына ұқсайтын дауыстар бар телефон әңгімелерін жариялаймыз. Бұл халықаралық жемқорлық және жоғарғы мемлекеттік деңгейдегі мемлекетке сатқындық жасау фактісін айғақтайды. Ол әңгімелер Украинаны Байден басқарғанын анық көрсетеді» депті.

Деркач бірнеше сағаттық аудиофайлды «мемлекеттік сатқындық» туралы арызбен бірге бас прокуратураға бергенін де айтқан.

Ал Украина президенті Зеленский: «Порошенко мырзаның жазасы туралы айтар болсақ, бәрі әлі алда екеніне сенімдімін. Кешегі дауды көрдіңіздер ғой. Менің ойымша, олар мемлекетті солай басқарған. Оларды көп шытырман оқиғалар және түрлі жаза күтіп тұр. Бұл туралы айтқым келмейді, өйткені ол менің құзіретіме жатпайды. Жаза ол – сот» депті 20 мамырда.

Сөйтіп, Андрей Деркач берген телефон әңгімелері жазылған аудионы кірістіре отырып, Украина бас прокуратурасы Порошенконың үстінен «мемлекетке сатқындық жасады» деп тағы бір іс қозғапты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.