Ресей президенті Владимир Путин ресми Мәскеу Украинаның Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандары тұрғындарына ғана емес, бүкіл украиндықтарға жеңілдетілген тәртіппен Ресей азаматтығын беру мүмкіндігін қарастыратынын айтты, деп хабарлайды tass.ru.
Бұл туралы Путин Қытайға сапары кезінде Бейжиңде өткен баспасөз мәслихатында айтқан. Путин ДНР мен ЛНР тұрғындарына жеңілдетілген тәртіппен Ресей азаматтығын беру аяқ астынан болмаған. «Бұйрыққа қол қоярдан бұрын біз бәрін есептедік» депті Путин. Оның айтуынша, ресми Мәскеудің бұл шешімі елдің әлеуметтік міндеттерін орындауға кедергі болмайды.
24-сәуірде Путин Украинаның Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандары тұрғындарына жеңілдетілген тәртіппен Ресей азаматтығын беру туралы жарлыққа қол қойған еді.
Халықаралық қауымдастық және Украина билігі ресми Мәскеудің бұл шешімін халықаралық құқыққа қайшы деп біледі.