Ресей президенті Владимир Путин ресейлік «Росатом» корпорациясы Қазақстан үшін атом электр станциясы жобасын әзірлеуге дайын екенін айтты.
Бұл туралы ол «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының басшылығы оның аумағында атом электр станциясын салу мәселесін қарастырып жатыр. Егер бұл жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданса, «Росатом» мемлекеттік корпорациясы ең жоғары экологиялық талаптар мен қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып, ең озық технологияларды пайдаланып, тиісті жобаны әзірлеуге дайын, – деді Ресей басшысы.
Путин сондай-ақ Қазақстан аумағында атом электр стансасын салу елдің «экономикасын энергиямен қамтамасыз етуді» арттыратынын, сонымен қатар республиканың бүкіл әлеуметтік-экономикалық дамуына «қуатты серпін» беретінін атап өтті.
Arasha.kz
ФОТО: deita.ru
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024