28 қаңтар күні Ресейдің бірқатар қалаларында «Сайлаушылар ереуілі» өткен. 18 наурызда өтетін сайлауға байкот жариялауға халықты шақырған оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастары алаңға шықты. Ресей Орталық сайлау комиссиясы «Навальный сотталған» деп сайлауға өткізбегендіктен, Навальный сайлаудың әділ емес екендігін айтты.
Акцияға мыңдаған адам қатысқан. Акцияны ұйымдастырған Алексей Навальныйды Мәскеуде полиция қызметкерлері ұстап, кейін полицияға қайта келуге міндеттеп, босатып қоя берген.
Артынша, Мәскеудегі Шереметьево әуежайында YouTube-те «НавальныйLive» арнасын жүргізетін Руслан Шаведдиновті және Алексей Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмышты полиция тұтқындады. Оларды Даниловский ішкі істер бөліміне апарды. Бұл туралы ақпаратты Шаведдинов өз Twitter-де хабарлады. Оның айтуынша, полиция бөлімінде өздерін сот басталғанға дейін ұстамақ.
28 қаңтар күні Кира Ярмыш пен Руслан Шаведдинов «НавальныйLive» эфирінде «сайлаушылар ереуілінен» 10 сағаттан астам уақыт тікелей эфир жүргізген болатын. Осы кезге дейін тікелей эфир видеосын бір жарым миллион адам көріп үлгерді.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024