Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ жауапкершілік аймағындағы ахуал үшін алаңдады.
«Ұйымға мүше мемлекеттердің шекарасында жағдай тұрақсыз ғана емес, біздің азаматтар үшін қатер төніп тұр», – деді ол.
Путин коронавирусқа байланысты өз-өзін оқшаулаған болатын. Ол жиынға видеоконференция форматында қатысты.
Ол Ауғанстаннан АҚШ әскерін шығару шешімі «өте асығыс» қабылданғанын жеткізді. Билікке Талибан келген соң ҰҚШҰ елдерінің ынтымақтастығы маңызды екенін атап өтті.
Бүгін Душанбеде ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларының отырысы басталды.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отырысқа тікелей қатысып отыр.
Талибан* – Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде қызметіне тыйым салынған ұйым.
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024