Қаңтар оқиғасы кезінде 225 адам қаза болған. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.
Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің жетекшісі Серік Шалабаевтың сенбі күнгі брифинг кезінде айтқанындай, қаза болған 225 адамның 19-ы құқық қорғау қызметкерлері, бір бөлігі – терактіге қатысқан, қару ұстаған қарақшылар.
–»Қазақстан бойынша 4578 жәбірленуші бар, 4 353-і жараланған. 3393-і – құқық қорғау орган қызметкері»,- деді ол. Сондай-ақ ол мәліметтер толықтырылып, өзгеруі мүмкін екенін де айтты.
Бас прокуратура мәліметінше, «қаңтар оқиғасына қатысы бар» деген күдікпен 672 адам уақытша ұстау изоляторына жеткізілген, 446-сы сот санкциясымен қамауға алынған. Жүзге жуық адам «ұстауға негіз болмағандықтан» босатылған.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024