Қаңтар оқиғасы кезінде Алмат халықаралық әуежайына және полиция департаментіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті хабарлады.
Көліктегі полиция департаменті жедел-тергеу тобы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу барысында Алматы қаласында тұратын Жамбыл облысының 24 жастағы тумасын анықтап, ұстаған.
«Ұсталған азаматтың ағымдағы жылғы 5 қаңтарда тәртіпсіздіктердің басқа қатысушыларымен бірге қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы қаласының әуежайына қарулы шабуыл жасағандығы, содан кейін сыбайластарымен бірге Алматы қаласы полиция департаментінің ғимаратына барғаны анықталды. Митингке қатысушылармен бірге полиция департаментінің ғимаратын таңғы сағат 6-ға дейін қоршауда ұстаған», – деді көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.
230 жуық адамның өліміне әкелген қаңтар оқиғасының әлі күнге толық сипатты картинасы ашылып, құқықтық баға берілген жоқ. Оқиға кезінде қаза болғандардың тізімі де ресми жарияланған жоқ.