arasha.kz

Қаңтар оқиғасы бойынша бұрынғы қорғаныс министрі Бектанов ұсталды

Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ұсталғанын растады.

Мұрат Бектанова қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Қаңтар оқиғасы кезінде «Қарулы Күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады», – деген болатын.

Exit mobile version