21-04-21 |
1960 рет қаралған
Қара теңізге әскери кемелер орналастырылды.
Қара теңізге әскери кемелер орналастырылды

Қара теңізге Каспий, Балтық және Солтүстік флотының зымыран, артиллериялық және десанттық кемелері орналастырылды. Бұл Ресейдің оңтүстік-батыс стратегиялық бағытындағы кез келген қауіпке төтеп бере алатының айшығы

Егер Қара теңізді шахмат тақтасы деп қарастырсақ, онда Батыс ұсынған әскери-стратегиялық ойында Ресей Федерациясының күші әлдеқайда басым.

17 сәуірде Каспий флотилиясының 15 кемеден тұратын тобы Керчен бұғазы арқылы Қырым көпірінің астынан өтіп, Қара теңіздегі межелі нүктеге қарай бет алды. Жасақ флотаралық ауысуды орындап, Волга-Дон арнасындағы 13 шлюзден өтті және Қара теңіз флотының (ҚФ) жедел басқаруына көшті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

Дәл осы күні Солтүстік флоттағы екі үлкен десанттық кеме (ҮДК) – «Александр Отраковский» мен «Кондопога», кейінірек – Балтық теңізінің осы тектес қос кемесі – «Калининград» пен «Королёв» Босфор бұғазынан Қара теңізге кірді.

Қара теңіз флотының құрамындағы жеті үлкен десанттық кеме есебімен ресейлік ҮДК тобы 11 бірлікке жетті. Ол бортына штатты қаруы мен броньды техникасы бар (100 танктен астам) үш мыңға жуық теңіз жаяу әскерін орналастыра алады. Алайда десанттық катерлерді де есепке алмауға болмас.

Каспий флотилиясының, Балтық және Солтүстік флоттарының күштері Қара теңіз флотымен өзара әрекеттесу арқылы жауапкершілік аймағындағы қиын жағдайды ескере отырып ұйымдастырылған ауқымды маневрлерге қатысуда. Олар «Калибр» қанатты зымырандарымен 2 000 километр радиуста «Ливия сценарийін» немесе «шөл дауылды» іске асыруға, яғни кез-келген Еуропа елдерінің аумағында агрессорды жоюға қабілетті.

Қара теңіз флоты және Каспий флотилиясының теңіз жаяу әскері мен жағалау әскерлері де тартылды. Екі жалпыәскерлік армия мен әуе-десанттық әскердің үш десанттық дивизиясы, Оңтүстік әскери округтің соққы жасау авиациясы да Ресейдің оңтүстік-батыс шекараларына орналастырылды. Құрлықтағы, теңіздегі және әуедегі Қырым әскері мен күштерінің тобы ықтимал қарсыластың теңіздегі және әуедегі десанттарымен қақтығысты пысықтап жатыр.

Шығыс Еуропада АҚШ армиясының Defender Europe 21оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Оған 26 елден 30 мың әскери қызметші қатысуда. Қара теңіздегі белсенділік кезеңі мамырға жоспарланып отыр.

Осы уақытқа дейін Британ соғыс кемелері – эсминец пен кемеге қарсы фрегат та жетеді. Олар аэродинамикалық нысандарды жоюға арналған 80 километрге дейінгі қашықтықта әрекет ететін Sea Wolf зениттік-зымырандық кешендерімен және «Гарпун» кемеге қарсы америкалық зымырандарымен қаруланған.

Қара теңіз акваториясындағы Ұлыбритания әскери-теңіз күштерінің кемелері Жерорта теңізіндегі «Королева Елизавета» авиатасымалдағыш бортынан F-35 көп нысанды жойғыш-бомбалаушыларды қолдауға дайын екені белгілі.

Донбастағы жағдайдың ушығуына байланысты Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев біраз бұрын АҚШ пен оның одақтастары Қырымға қатысты Украинаны әдейі арандатушылыққа итермелеп отырғанын мәлімдеді.

Ресейдің қарулы күштері «Еуропаны қорғаушылардың» Қырым жағалауы мен Керчь түбегіне баратын барлық жолды күні бұрын жауып отыр. Жоспарланған әскери маневрлерге байланысты Ресей 2021 жылдың 21 сәуірі мен 31 қазаны аралығында Қара теңіздегі бірнеше ауданды шетелдік әскери-теңіз күші үшін жауып тастады. Бұл жерде сөз кеме жүретін үш аймақ туралы болып отыр: Қырымның оңтүстік жағалауындағы (Севастопольдан Гурзуфқа дейін), Керчь түбегінің жағалауларындағы және Қырымның батыс аймағына жақын теңіздің кішкене ауданындағы.

Барлық шектеулер Ресей Федерациясының аймақтық суларында әрекет етеді. Ол халықаралық ережелерге сәйкес келеді және Керчь бұғазындағы азаматтық кеме қатынасына ешқандай кедергі келтірмейді.

«Дағдарыс аймағында» десант түсіруді пысықтаумен жүріп жатқан Украина қарулы күштері мен НАТО әскерінің стандартты оқу-жаттығуларына Ресей Қырым жағалауларында соққы жасайтын қуатты кеме тобын құрумен жауап қатуда.

Ол топ құрамында дәлдігі жоғары зымырандар, Қара теңіз бен Оңтүстік әскери округтің «әуе армадасын» құру қамтылған. Сондай-ақ Ресей жасақталмаған жағалауларға әскер мен техника түсіруде өзінің мінсіз мүмкіндіктерін паш етіп отыр.

Біраз бұрын Қара теңіз акваториясында Оңтүсік әскери округ (ОӘО) пен Қара теңіз флоты Теңіз авиациясының бірлескен ауқымды оқу-жаттығулары басталды. Шара аясында Су-24М мен Су-34 фронттық бомбалаушылар, Су-27СМ мен Су-30СМ көпнысанды жойғыштары шағын биіктіктен зымыранды шабуыл мен теңіздегі нысандарға бомба лақтыруды пысықтап, Қара теңіз кемелерін қорғау және ілесіп жүру әдістерін орындап жатыр.

Ресей қарулы күштерінің басымдығы жағдайында «Еуропа қорғаушыларының» Қара теңіздері маневрлері шектеулі. Сондықтан Defender Europe 21 аясындағы іс-әрекеттерді түзетуге тура келеді. Ал бұл НАТО Бойынша «аға серіктестердің» беделіне нұқсан келтіреді. Пентагонның «кеме қатынасының еркіндігі бұзылды» деп байбалам салуының себебі осында. Қазанда аймақтағы жағдай біршама қалыпқа келетін сыңайлы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.