24-11-21 |
1400 рет қаралған
Қазақстан Қытайға газ жеткізуші негізгі үш елдің бірі.
Қазақстан Қытайға газ жеткізуші негізгі үш елдің бірі

Қазақстан Қытайға газ жеткізу мөлшерін арттырады.

Еліміз Қытайға газ экспорттауда Түрікменстан мен Ресейден кейін үшінші орында тұр. Ақпаратты Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасының порталы жариялады. 

Энергетика  министрлігі биыл экспорт алты миллиард текше метрге жететінін айтты. Соңғы үш жылда еліміз Қытай нарығына газ жеткізу көлемін бес есеге арттырған. Баға мен экспорттан түсетін кіріс туралы ақпаратты департамент коммерциялық құпияға балап жария етпеген. Олар тек құнның арнайы формуламен анықталатынын түсіндіреді. 

Бұл ретте «Нефтегаз.ру» порталы Қазақстан Қытайға 700 миллион доллардан асатын көлем жеткізгенін жазған. Осы жылы аспан асты елі қыста тапшылықтың алдын алу үшін құбыр арқылы газ импортын үш есеге ұлғайтты. Қытайға жол тартқан мың текше метр 227 доллар тұрады. Салыстыру үшін: бүгінде Еуропада жанармай бағасы мың доллардан асып кеткен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.