«Z», «V», «Ресей армиясы», «Сыпайы адамдар», «Вагнер тобы» әскери нышандарына Қазақстанда тыйым салынбақ, деп хабарлайды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
«Әртүрлі этностардың жекелеген өкілдері қоғамдық алаңда түрлі этникалық рәміздерді, оның ішінде тарихи шыққан елдерімен байланысты және т.б. таңбаларды көрсетуде. Мәселен, 2022 жылы Қазақстанда Ресей-Украина қақтығыстарының басталуына байланысты демонстрациялық фактілер атап айтқанда: «Z» немесе «V» таңбалары бар киім-кешек, ойыншықтар, көліктер жиілеп кетті. Қоғамда түрлі реакция тудырған түрлі атаулармен, нақты айтқанда, «Ресей армиясы», «Сыпайы адамдар» т.б сияқты ойыншықтар мен балаларға арналған өнімдер бөлшек сауда желілерінде сату және жарнамалау фактілері бар. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы биылғы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметіне осындай заттарды өндіруге, сақтауға, әкелуге, тасымалдауға және елге таратуға заңнамалық тұрғыдан тыйым салу және әкімшілік жауапкершілік белгілеу туралы ұсыныс жолдады. Оның қатарында қарулы қақтығыстарда, басқа мемлекеттің егемендігі мен саяси режиміне қарсы әскери немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерінде соғысушы тараптар қолданатын заттар, рәміздер, белгілер бар», – деді Семей қалалық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Қуат Бапинов.
Атап өтілгендей, бүгінгі күні мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қатысуымен сауда желілері («Шығыс Түркістан», «Күрд жұмысшы партиясы», «Вагнер» тобы) арқылы этносаясиландырылған белгілер мен таңбалардың таралуына жол бермеу үшін құқықтық негіз әзірлеуде.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы аумағында таратуға және пайдалануға тыйым салынған этносаясиландырылған белгілерді/өнімдерді сатуға тыйым салуды заң нормасына енгізу мәселесін мемлекеттік бақылауды уәкілетті органға тапсыру арқылы қарауды ұсынады. Осыған орай, тиісті түзетулер қабылданғанға дейін, қарулы қақтығыстарда соғысушы тараптар пайдаланған рәміздерді таратқаны үшін кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартудың алдын алу мақсатында Абай аудандық Кәсіпкерлер палатасы қалалық прокуратурамен бірлесіп, учаскелік полиция инспекторлары арқылы этносаясиландырылған белгілер мен таңбаларды сауда желілері арқылы таратуға жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді – делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес ұсыныстар:
– сатылымнан баспа қағазын, ойыншық бұйымдарын, кәдесыйларды, сондай-ақ этносаяси бағыттағы басқа да тұтыну тауарларын алып тастау;
– сауда алаңдары иелері айына кемінде бір рет жалға алушылар өткізетін өнімдерге көзбен шолу ж9мыстарын жүргізеді.
Arasha.kz
ФОТО: Shutterstock
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024