arasha.kz

Қазақстан трансауған темір жол құрылысына қатыспақ

Қазақстан және Ауғанстан премьер-министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Абдулании Барадардың 24 сәуірде өткен кездесуінде тараптар Орталық және Оңтүстік Азияны интеграциялау жобаларындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік танытты.

Қазақстандық делегацияның Ауғанстанға сапарының негізгі мәселелерінің бірі – бірлескен көлік мүмкіндіктерін кеңейту.

Тараптар сондай-ақ елдер арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстан мен Ауғанстанның авиациялық билігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде Тараптардың авиатасымалдаушылары аптасына 3 тұрақты жолаушылар жүк рейстерін орындауға құқылы. Қазақстандық тарап бұл мәселені Ауған авиакомпанияларынан өтінімдер түскен кезде қарауға дайын.

Exit mobile version