29-06-23 |
2820 рет қаралған
Қазақстанда жүрген ресейліктер Путинді қолдайды.
Қазақстанда жүрген ресейліктер Путинді қолдайды

Астанадағы «Бәйтерек» монументінің маңында Ресейден Қазақ еліне қыдырып келген азаматтарды жиі кездестіруге болады. Олардың басым бөлігі Путиннің Украинаға басқыншылығын қолдаса, кейбір азаматтар қарсылығын білдіріп жатады.

Алайда олар елге барғанда «Қуғындаламын ба?» деп ойын ашық айтпайды. Аrasha.kz сайты ресейліктердің соғысқа байланысты пікірін білді.

Өзін Сергей деп таныстырған ресейлік азамат екі елдің арасындағы соғысты арнайы операция деп атады. Осы көзқарасынан-ақ оның Украинаға қарсы соғысты қолдайтынын аңғардық.

– Ресей мен Украина соғысында кімді қолдайсыз?

– Ресей мен Украина арасында соғыс емес, белгілі аумақта арнайы операция өтіп жатыр. Егер соғыс болғанда мен Астанада емес, майдан даласында болар едім. Соғыс 2014 жылы Украинада мемлекеттік төңкеріс болғанда басталды. Януковичты өлтіруге шақ қалды.

– Қазір санкция халыққа қалай әсер етіп жатыр?

– Санкцияны күшейткен сайын Ресей одан да мықты бола түседі. Санкция күшейген сайын бізге жақсы болады. Мұны кез-келген ресейлік айтып береді.

– Қазақ қоғамында «Егер Ресей Украинаны жеңсе, Қазақстанға шабуыл жасайды» деп қауіптенеді…

– Не үшін?

– Себебі мұнда да қазақ тілін білмейтін орыс тілді адамдарды ұнатпайтындар бар…

– Мұнда да бар ма? Кешіріңіз бұл сіздердің ішкі мәселелеріңіз. Біздің елде де әсіреұлтшылдар бар.

– Украина халқы Еуропалық жолмен дамығысы келеді. Олардың өз таңдауын жасауға қақысы бар шығар?

– Украина халқы мен билігін шатастыруға болмайды. Бұл екеуі екі басқа дүние.

– Бірақ украин халқы билікті өзі сайлап алды емес пе?

– Қазір Украина президенті кім екенін білесіз бе?

– Еврей.

– Ресейде де, Қазақстанда да еврейлер бар. Ол президент бомлас бұрын халыққа не уәде берді? Соғысты тоқтатып, Ресеймен бейбітшілікте өмір сүруді уәде етті. Ал билікке келгеннен кейін не істей бастады?

– 24 ақпан күні Путин Украинаға шабуыл жасады ғой…

Жоқ, жоқ. Соғыс 2014 жылы басталды. Киевтік режим Донбасты атқылаудан кейін соғыс басталды. Сіз оқиғаның хроникасына назар аударыңыз. Өткен кезеңге көз жүгіртсеңіз жағдайдың қалай болғанын байқайсыз. Ақылды болу керек.

– Путин 20 жылдан астам уақыт бойы Ресейді басқарып келеді. Ал Украинада әр 4 немесе 8 жыл сайын билік ауысып отырады. Ресеймен салыстырғанда Украинада демократия бар сияқты…

– Қайдағы. Керісінше Ресейде демократия бар. Путин неге билікте 20 жыл бойы отыр. Себебі оған халық сенім артып отыр. Сондықтан да сайлауда соны таңдайды.Біз Путинге сенеміз. Оның елде не істеп жатқанын көріп отырмыз. Ол билікке келгеннен кейін елде жемқорлықпен күрес басталды, кедейшілік және жұмыссыздықпен күресті. Біз мұның бәрін көріп отырмыз. Сондықтан да біз оны сайлап отырмыз. Міне демократия.

– Сарапшылар осы соғыста Укриана жеңіске жететінін айтады. Ресейді жеңіледі дегенге сенесіз бе?

– Сіз тарихты оқыдыңыз ба? Ресей бірде бір соғыста жеңілген емес. Ресей Украинаға шабуыл жасаған жоқ.

P.S. Ал өзін Алексей деп таныстырған азамат қос елдің соғысында Ресейдің айыпты екенін айтады. Әйтсе де «Укриана Ресейге шабуыл жасаған жоқ» деген ол бұл соғыста Ресейдің жеңілмейтінін жеткізді. Ұзын сөздің қысқасы Астанада қыдырып жүрген азаматтар соғыста Ресейдің жеңілмегенін қалайды.

Серғали Асланбек,

Arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.