15-06-21 |
2060 рет қаралған
Қазақстанның вакцинация паспорты жарамды елдер.
Қазақстанның вакцинация паспорты жарамды елдер

Коронавирусқа қарсы екпе алған қазақстандықтар Венгрия, Таиланд және Моңғолия мемлекеттеріне емін-еркін кіре алады.

Аталған мемлекеттерде қазақстандықтардан ПТР тест нәтижесінің бар болуы талап етілмейді. Сол сияқты осы елдердің вакцинацияланған азаматтары да Қазақстанға еш кедергісіз қатынай алады.

Себебі бұл елдер өзара бір-бірінің вакцинациялау паспорттарын мойындаған. Қазір денсаулық сақтау және сыртқы істер министрлігі Қазақстанның вакцинация паспорты жарайтын елдер тізімін ұлғайту үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.

2 маусымнан бастап коронавирусқа қарсы екпе алған қазақстандықтар вакцинациялау құжаты болған жағдайда ПТР-анықтамасыз, көлікпен Қырғызстанға бара алады. Ал 19 маусымнан бастап вакцинация паспорты ұшақпен жүретіндерге де жарамды. Есесіне, қырғыз азаматтары Қазақстан аумағына келерде қолында міндетті түрде ПТР анықтамасы болуы шарт. Өйткені, біздің тарап олардың екпе құжатын әлі мойындаған жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.