26-04-18 |
6080 рет қаралған
Qazkom банкі кешірім сұрады.
Qazkom банкі кешірім сұрады

Қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін air astana әуе компаниясымен соттасқан Оғыз Доған 25 сәуірде Qazkom банктің Астанадағы Сарыарқа бөлімшесіне барып, қазақ тілі – мемлекеттік тілде қызмет ала алмағанын айтып, оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған еді. Ол оқиға кешеден бері желі қызу талқыланып жатыр. Ал, бүгін Qazkom банкі ресми кешірім сұрады. Банктің facebook желісіндегі парақшасында видео жарық көрді.

Официальный комментарий Qazkom касательно инцидента, произошедшего 25 апреля 2018 г. в отделении Сары-Арка Астанинского ф-ла

Казкоммерцбанк, 25 сәуірде Астана қаласында «Сары-Арқа» банк бөлімшесінде болған оқиға үшін барлық қатысушылар мен куәгерлерден кешірім сұрайды.Тіл туралы заңға сәйкес, банк өз қызметін мемлекеттік тілде, қазақ тілінде және ресми статусы бар орыс тілінде көрсетеді. Клиенттердің сұранысы бойынша және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша банк үш тілде қызмет көрсетуге дайын. Мемлекеттік тілді жетік білетін мамандар Казкоммерцбанктің барлық бөлімшелері мен кеңселерінде бар. Клиенттерге қызмет көрсететін барлық менеджерлер міндетті түрде мемлекеттік тілді меңгерген. Астанадағы «Сары-Арқа» филиалының қызметкерлері арасында да қазақ тілін жоғары деңгейде білетін менеджерлер бар. Бұл жағдайда да біз клиентке қажетті банк қызметін қазақ тілінде ұсына алар едік, өкінішке қарай, түсінбеушілік салдарынан бөлімше қызметкерлері эмоцияға жүгініп, клиентке қызметті дұрыс көрсетпеді. Қызметкерлеріміздің бұл іс-әрекеттерін біз ақтамаймыз. Алайда бұл оқиғаның бейнетаспаға түсіруге байланысты стресстік жағдай тұғызғанын атап өткіміз келеді. Болашақта мұндай оқиға қайталанбас үшін біз өз қызметкерлерімізге тиісті оқыту тренингтерін өткіземіз___________________________________________________________________Казкоммерцбанк приносит свои извинения всем участникам и свидетелям инцидента в отделении Сары-Арка в Астане 25 апреля. Согласно закону о языках, банк предоставляет свои услуги на государственном – казахском языке, а также русском языке, имеющим конституционный статус официального. Ориентируясь на запросы клиентов, а также в соответствии с государственной программой развития и функционирования языков в Республике Казахстан на 2011-2020 годы, банк в состоянии предоставлять услуги на трёх языках. Специалистов, владеющих государственным языком на высоком уровне — достаточно в каждом отделении и офисе Казкоммерцбанка. Все менеджеры, обслуживающие клиентов, независимо от языка их общения, в обязательном порядке осваивают казахскую разговорную лексику.В числе сотрудников отделения Сары-Арка в Астане есть менеджеры, владеющие казахским языком на высоком уровне. И в этой ситуации мы могли провести обслуживание и проконсультировать посетителя отделения на казахском языке. К сожалению из-за возникшего недопонимания персонал отделения повёл себя некорректно, излишне эмоционально, в нарушение служебной инструкции. Не оправдывая действия наших сотрудников, хотелось бы отметить, что такое их поведение было отчасти вызвано стрессовой ситуацией в результате их съёмки на камеру. Мы проведём соответствующее обучение для персонала и постараемся не повторять наших ошибок в будущем.

Опубликовано Halyk Bank Kazakhstan Четверг, 26 апреля 2018 г.

Видеода «Казкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасы Ульф Вокурка орыс тілінде банк тұтынушыларынан кешірім сұрайды және Астанадағы Сарыарқа бөлімшесінің басшысы мен Оғыз Доғанға қазақ тілінде қызмет көрсетпеген банк қызметкері де болған жағдай үшін кешірім өтінеді.

Сондай-ақ, желідегі банктің ресми парақшасында қазақша мәтінде жарияланған.

«Казкоммерцбанк, 25 сәуірде Астана қаласында «Сары-Арқа» банк бөлімшесінде болған оқиға үшін барлық қатысушылар мен куәгерлерден кешірім сұрайды.Тіл туралы заңға сәйкес, банк өз қызметін мемлекеттік тілде, қазақ тілінде және ресми статусы бар орыс тілінде көрсетеді. Клиенттердің сұранысы бойынша және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша банк үш тілде қызмет көрсетуге дайын. Мемлекеттік тілді жетік білетін мамандар Казкоммерцбанктің барлық бөлімшелері мен кеңселерінде бар. Клиенттерге қызмет көрсететін барлық менеджерлер міндетті түрде мемлекеттік тілді меңгерген. Астанадағы «Сары-Арқа» филиалының қызметкерлері арасында да қазақ тілін жоғары деңгейде білетін менеджерлер бар. Бұл жағдайда да біз клиентке қажетті банк қызметін қазақ тілінде ұсына алар едік, өкінішке қарай, түсінбеушілік салдарынан бөлімше қызметкерлері эмоцияға жүгініп, клиентке қызметті дұрыс көрсетпеді. Қызметкерлеріміздің бұл іс-әрекеттерін біз ақтамаймыз. Алайда бұл оқиғаның бейнетаспаға түсіруге байланысты стресстік жағдай тұғызғанын атап өткіміз келеді. Болашақта мұндай оқиға қайталанбас үшін біз өз қызметкерлерімізге тиісті оқыту тренингтерін өткіземіз» делінген банк мәлімдемесінде.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.