arasha.kz

Қоғам белсенділері шетел асқан қаржыны қайтару әдістерін ұсынды

Азаматтық белсенділер, журналисттер, сарапшылар және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар өкілдері ҮНДЕУІ жасады.

Қазақ халқынан ұрланған қаражат пен активтерді өндіріп алу мен елге қайтару жөніндегі уәкілетті органдардың басшылары мен қызметкерлеріне;

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басшылары мен қызметкерлеріне;

Қаржы және банктік бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы іс әрекет жасау органдарының басшылары мен қызметкерлеріне;

Қазақстан Парламентінің қос палатасының депутаттарына;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшыларына;

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жолданған Үндеуде қоғам белсенділері шетел асқан қаржыны қайтару әдістерін ұсынды.

Өкінішке орай, біз шетелде активтерді іздеу әрекеттерін көрмейміз, іздеу нәтижелері туралы естімейміз және қоғамдық өмірдің ең қызықты және маңызды процесінде үкіметтің үнсіздігінің астарында не жатқанын түсінбеген сәттер бізді қатты аландататынын жеткізгіміз келеді.

Мазасыздықтың артынан көңіліміз де қалуы әбден мүмкін. Бірақ, қазір Сіздерді де, ел басшылығын да сын астына аламыз деген ой жоқ. Сіздердің алдарыңызға Президент қойған тапсырмасы заңды талқылау эйфориясы әсерінен гөрі күрделі болып шыққанын түсінеміз – деген белсенділер бірнеше ұсынысты тұжырымдап, Назарбаев клептократтарының шетелдік активтерін бірнеше жыл бойы іздеп жүрген азаматтық белсенділердің жинаған ақпаратымен бөлісетіндерін айтқан.

Әлбетте, әу бастан Сіздер мемлекеттік қызметкерлер ретінде бұрыңғы президент пен оның туыстары мен сыбайластары мемлекет мүлкін қалай иемденіп, ұлттық игіліктерді қалай ұрлады деген сұрақ туындайды. Тергеу барысында біз де арнайы қолдан жасалған заңды ұйымдастырушылық пен қаржылық «ұрлықтың құралдарына» тап болдық. Олардың әлі де күші бар, ешкім жойған жоқ – делінген Үндеуде.

Ең алдымен ұлттық компанияларға назар аударған зерттеушілер, әрқайсысының қасында бас компанияның қанын сорып, түрлі «сүлік компаниялары» құрылғаны анықтаған.

Бұрыңғы да қазіргі мақсаттары қаражатты оңай және заңды түрде ұрлау, жымқыру, бюджетке түсуіне жол бермеу және шетелдік банктерге жеткізіп тығу. Міне, көптеген мысалдардың бірі: Captive қайта сақтандыру компаниясы – Kazakhstan Energy Reinsurance Company Ltd. (KERC ). Оның жалғыз құрылтайшысы – Cooperatieve ҚазМұнайГаз U. A. Компания Нидерландыда мына мекенжайда тіркелген: Amsterdam , S trawinskaylaan 807, Tower A 8, 1077 xx , тіркеу нөмірі: KVK 34250159, Сауда-өнеркәсіп палатасының тіркеу нөмірі 000016431855. Нидерландыда түпкілікті иесі «ҚазМұнайГаз» АҚ болып саналады, бірақ бұл факт әлі де тексерілуге жатады – дейді олар.

Олар KERC 2004 жылы құрылғанын, әуелі Бермуд аралдарында тіркелгенін, 2019 жылы ол «Астана» ХҚО-ға берілгенін келтіреді. ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Келімбетовтің ойлап тапқан қулығы, себебі күмәнді компанияларды тығып сақтап қалу тәсілі деп санайтындарын жеткізеді.

Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз » ұлттық компаниясының қызметін тіркелген уақыттан бастап толыққаны тексеріп, «ҚазМұнайГаз-дың» еншілес компанияларын толыққанды терге-тексеру қажет деп санайды.

Бұл тергеулердің субъектілері бұрынғы президент Назарбаев, оның отбасы мүшелері және ұзақ мерзімді көмекшілері екен деп қысылудың қажеті жоқ. Бұл адамдар ең табысты мемлекеттік мұнай активтерін сатудың бенефициарлары болды, оның ішінде «Ақтөбемұнайгаз», «Өзенмұнай», «Құмкөл» және (екінші ірі өндіруші!) «Маңғыстаумұнайгаз». Оны Назарбаевтар әулеті алдымен жалған тендерлер арқылы иемденіп, кейін арнайы құрылған оффшорлық компаниялар желісі арқылы Қытайдың ұлттық корпорациясына қомақты пайдаға сатқан. Сол құпия мәміледен түскен қаржы Қазақ елі қазынасына түспеді – дейді белсенділер.

Олар тергеп-тексеруге шетелдіктер көмек беруге дайын екенін айтады. Ол үшін олардан кешірім сұраудан бастау керек дейді. Сонымен қатар олар тергеуге алынатын адамдардың аты-жөнін атап өтеді.

Аталған ондаған, тіпті жүздеген компанияларды шатастырмау үшін өте нақты адамдар тобын тергеу керек. Оларды барлығы біледі: Тимур Құлыбаев, Сауат Мыңбаеа, Айдан Кәрібжанов, Арвид Тику (Қазақстан Республикасының төлқұжаты бар), Мирбулат Әбуов, Раушан Сағдиева, Данияр Әбілғазин, Диас Сүлейменов, Қайрат Боранбаев, Мұхтар Тойбазаров, ағайынды Цхай, Владислав. Ким, Лакши Миттал, Дариға Назарбаева, Динара Назарбаева, Сара Назарбаева, Рашит Сәрсенов, Александр Машкевич, ағайынды Шодиевтер, Александр Клебанов… Бұл тізім толық емес, жұмыс барысында тізім айтарлықтай толады – делінген Үндеуде.

Олардың пікірінше мұнай өнеркәсібінен бөлек, «Қазақтелеком» және «Транстелеком» ұлттық телекоммуникация компанияларының активтері де жүйелі түрде ұрланған.

Біздің көз алдымызда ел қауіпсіздігі үшін аса маңызды «Транстелекомды» тегін жекешелендіру процесі Дариға Назарбаеваның ұлының пайдасына өткізу процесі жалғасуда. Аталмыш іс әрекеттерді кездейсоқ оккупациялық билік емес, Тәуелсіз Қазақ елінің заңды үкіметтері жасағанын бәріміз ашық мойындасақ. Сондықтан бұрыңғы үкімет басшылары мен министрлер кабинетінің рөлін де тергеп, телекоммуникация активтерін мемлекетке қайтару арқылы анықталуы керектігін айта кетпеуге болмайды. Тергеу нысандары бірінші кезекте бұрынғы премьер- министр К.Мәсімов пен оның отбасы мүшелері, бұрынғы әділет министрі М.Бекетаев және олардың америкалық ұзақ мерзімді серіктесі Рон Вахид тергеуден өту керек – дейді олар.

Олардың сөзінше, Кәрім Мәсімов пен Тимур Құлыбаевтың сыбайластары Айгүл Нуриева, Раушан Сағдиева, Александр және Яков Клебановтар, Арвинд Тику және т.б. тергесе, олардан аталған істің транзакциялардың барлық егжей- тегжейлерін және лас ақшалар жиналған банк шоттарын білуге болады.

Тергеудің тағы бір маңызды бағыты – Ұлттық Банктің резервтерінен тікелей қаражатты заңсыз пайдалануы, яғни ұрлануы, сондай-ақ Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтерін заңсыз шетелге шығару үшін мән-жайлар мен жауапкершілікті анықтауы. Бұл Қазақстан халқына қарсы қылмыстар жинағы кітабының құпия беттерінің бірі, бірақ оны қалың жұрт оқып, мән жайын білу креке те, қылмыстық заң бойынша сот арқылы шешілетін уақыт келген шығар. Өте қарапайым да заңды сауалымызға жауап күтеміз: Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамын құру келісу туралы» No 180 заңсыз шешімдерін және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі активтерінің алтын-валюта резервтерінің бір бөлігін Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының басқаруына сенімгерлік басқаруға беру туралы» шешімін кім және қандай мақсатпен бастамашылық жасады? – деген сауал қояды олар.

Олардың сөзінше, Ұлттық Банктің жаңа басшылығы жаңа уәкілетті органмен бірлесіп, Қаржы мониторингі агенттігінің қатысуымен Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтерінің үкіметтің және Ұлттық банктің бұрынғы басшылары инвестиция деген жалған тақырыппен заңсыз шетелге аударылған бөлігін елге қайтару үшін барлық шараларды қабылдауға міндетті.

Қазақстан Президенті Тоқаев өз өкімімен ұлттық корпорациялар мен қорлардан, сондай-ақ Ұлттық банктен қаражат ұрлаумен күресу үшін активтерді қайтаруға уәкілетті жаңа орган жанынан Арнайы топ құрады деп күтеміз. Бірнеше жыл бойы мұндай таза ұрлықтар Президент Назарбаев пен оның серіктестерінің балаларына тиесілі коммерциялық жеке банктерге қайтарылмайтын «көмек» ретінде өткенін білеміз.

Жақында ғана бұл ақпараттар туралы қазақстандық прокурорлар мен тергеушілерге айтудың өзі қауіпті болғанын бәріміз түсінеміз. Бірақ енді жаңа заңдармен және президент Тоқаевтың айқын білдірген ниетімен Ұлан Байжанов мырза және оның қызметкерлері Тимур Құлыбаев пен Динара Назарбаеваның банк тобының қызметін тексеретін уақыт келді. 2017-2018 ж.ж. Тимур Құлыбаев елден және банктен шамамен 10 миллиард доллар қаражат шетелге шығарды. Бұл орасан зор сома Казкоммерцбанктің Халық банкі тез игеріп алған активтерінен қосылды. Сондай-ақ мемлекеттен «Казкоммерцбанкті құтқару үшін» деген жалған тақырыппен қаржылай көмек алған, ал сол уақытта Казкоммерцбанк бүкіл Орталық Азиядағы ең танымал және табысты жеке банк болған – дейді белсенділер.

Сонымен қатар олар Мәжіліс депутаттарынан жақында қабылданған «Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы» заңға қайта оралуды және одан Жауапкершілігі шектеулі серіктестік түріндегі басқарушы компания туралы ережелерді алып тастауды сұрады.

Үкімет мүшелерін коммерциялық қызметтің ырқынан босату қажет. Мемлекеттің қайтарылған активтерді басқаруды өз қолына алатын дербес органдары бар. Біз бірінші кезекте бұл қызметті Қазақстан Ұлттық банкіне беруді ұсынамыз. Оның құрылымында қаражатты сақтай алатын, активтерді қабылдау мен ақшаға айналдыруды жүзеге асыратын арнайы бөлім құруға болады, ол жерден олар үкіметтің қалауы бойынша емес, Үкіметтің шешімі бойынша жұмсалады. президент пен парламент шешімімен – әл-ауқат бағдарламалары мен азаматтардың денсаулығын сақтау, инфрақұрылымды дамыту және қазақстандықтар үшін қолайлы өмір сүру мақсаттарына жұмсалады – делінген Үндеуде.

Олар әлемнің барлық елінен Назарбаевқа тиесілі шоттарды, активтерді бұғаттауды сұрады.

Біз барлық елдердің билігінен Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелері мен оның серіктестерінің қаражаты бар есеп шоттарды бұғаттау, тәркілеуді және арнайы шоттарда аударып сақтауды сұраймыз. Белгілі «Қазақгейт» ісінен кейін Н.Назарбаевтың есеп шоты Швейцария мен Америка билігі бұғаттағандай. Ұрланған және жымқырланған қаражат пен активтер елге қайтару Қазақстан билігінен негізді өтініш түсіп, тиісті мемлекеттердің үкіметтері мен парламенттерінің бақылауында болған жағдайда ғана мүмкін болады. Қазақстан халқынан ұрланған қаражат пен активтер қайтару туралы заң жобасына үлкен қызығушылық танытқан Мәжіліс депутаттарына сый құрметімізді білдіреміз. Бірақ, өкінішке орай, қазір олардың қызығушылықтары анық төмендеп, дау-дамай тудырған уәкілетті органның жұмысқа кіріспегеніне еш реакциясын білдірмеуде – дейді олар.

Үедеу соңына 30-ға жуық адам қол қойған.

Arasha.kz

ФОТО: azattyq-ruhy.kz

Exit mobile version