12-03-25 |
420 рет қаралған
106 адам заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
106 адам заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея ойындарын ұйымдастыру жиілеп кетті. Бұл азаматтарды күмәнді билеттерді, қызметтер мен заттарды сатып алуға мәжбүрлейді.

Осыған орай ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Қаржылық мониторинг агенттігі әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізіп, заңсыз лотерея ұйымдастырғандарды анықтаған. Нәтижесінде, 2024 жылдың ақпанынан бері 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 46 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңына сәйкес, лотерея операторы немесе оның агенті болмаған адамдарға лотерея өткізуге тыйым салынады. Лотерея қызметін заңсыз ұйымдастыру бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 445-1-бабына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған. Егер рұқсатсыз лотерея ұйымдастырылса, заң бойынша 100-ден 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады, ал түскен табыс тәркіленеді.

ҚР Туризм және спорт министрлігі азаматтарды әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея ұйымдастырмауға және оларға қатыспауға шақырады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.