
Сот шешімімен әділ сайлау туралы плакат үшін 15 күнге қамалған Әсия Төлесова ақын Ілияс Жансүгіровтің немересі. Бұл туралы Әсияның өзі the-steppe.com сайтына 2018 жылы берген сұхбатында айтқан. Сол сұхбатта Әсия өзінің шығу тегі туралы: «Біз Ілияс Жансүгіровтің тікелей ұрпағымыз. Ол Фатима Ғабитоваға үйленді. Олардың үш баласы болған: Үміт, Ильфа, Болат. Біз Ильфа Санжар Жандосовқа тұрмысқа шыққан. Менің анам Санжар мен Ильфаның баласы» деген екен.
Кеше, Алматыда өткен марафон кезінде «Шындықтан қашып құтылмайсың!»; «Әділ сайлау үшін»; «Менің таңдауым бар» деген жазу бар баннер жайып, ұстағандары үшін Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековты сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 488 бабының 3 тармағына сәйкес кінәлі деп тауып, 15 күнге қамауға шешім шығарған.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025