Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтық үшін 28 адам жауапқа тартылды. Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын пайдаланғандардың арасында басшылар да бар.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді.
«Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтықты анықтау жұмысын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Жыл басынан бері қос азаматтық үшін 28 азамат, оның ішінде шетелдік азаматтықты алу фактілері туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін 8 азамат, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды пайдаланғаны үшін 20 азамат жауапкершілікке тартылды», – деді ШҚО полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
Бұл шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды, 100-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынып, ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабына әкімшілік хаттама толтырылды.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024