arasha.kz

Абай облысында терроризмді насихаттаған азамат ұсталды

Осы жылдың 28 қаңтарында терроризмді насихаттады деген Абай облысының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы ҰҚК хабарлады.

Ол терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деп күдіктелуде.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Exit mobile version