Абай облысында прокурорлармен тұтынұшылардың және «Аягоз СУ» ШЖҚ КМК жұмысшыларының құқықтары қорғалды.
«Аягөз Су» ШЖҚ КМК «Табиғи монополиялар туралы» Заңының талаптарын бұза отырып, ауыз судың текше метрі үшін 202 теңге көлемінде төлем алған.
«Жалпы, 2022-2023 жылдар аралығында кәсіпорын 35,2 млн теңгені негізсіз алған. Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес Абай облысының табиғи монополияларды реттеу департаменті негізсіз алынған соманың орнын толтыру мақсатында 1 м3 үшін 167 теңге көлемінде суға уақытша тариф енгізді. Осылайша, аудан прокуратурасы 12 мың тұтынушының құқығын қорғады», – делінген хабарламада.
Сол кәсіпорында прокуратура қарапайым жұмысшылар есебінен басшылардың жалақысын көтеру фактісін анықтады.
Егер 2023 жылы кәсіпорын директорының жалақысы 286 мың теңге болса, 2024 жылы – 402 мың теңгені құрады.
Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпорын басшыларының жалақысы заңға сәйкестендіріліп, 58 қызметкердің жалақысы 22 мың теңгеге өсті.