21-05-24 |
10940 рет қаралған
«Айканың тізімі»: элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы сотталды.
«Айканың тізімі»: элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы сотталды

Қылмыстық іс Әуезов аудандық сотында қаралды. Айка Мырзахметоваға аса ірі көлемде есірткі сақтады және заңсыз айналысты деген айып тағылды.

Сот отырысы жабық режимде өтті.

«Тергеу органы М.-ны аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз иемденді, сақтады және тасымалдады, сондай-ақ 52 эпизод бойынша бір топ адамдармен жеңгетайлық жасады деп (ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы), Т. -ны бір топ адамдармен 12 эпизод бойынша жеңгетайлыққа көмектесті деп айыптады», – делінген сот таратқан мәліметте.

2023 жылдың мамыр айында Мырзахметова аса ірі мөлшерде мефедронды (психотроптық затты) сату мақсатынсыз заңсыз сатып алып, өзімен бірге заңсыз тасымалдаған. Ұстау кезінде полиция қызметкерлері сотталушының сөмкесінен психотроптық зат тәркілеген.

Сондай-ақ ол 2020-2023 жж. материалдық пайда алу мақсатында пайдакүнемдік мақсатта бір топ адамдар Т.-мен бірлесіп, қыздарға ақшалай өтемақы үшін интимдік қызмет көрсету үшін жеңгетайлық жасаған. М.-ның осы қызметтерден жеке өзі немесе сыбайласы Т. арқылы пайыз алған.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді.

Мырзахметова ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған қылмыстар жиынтығы бойынша түпкілікті 6 жыл 6 ай түрінде жаза тағайындалды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.