Біз
әлеуметтік
желіде
25-06-25 |
500 рет қаралған
Әкім орынбасары Берденовке жасалған қастандық: іс сотқа берілмек.
Әкім орынбасары Берденовке жасалған қастандық: іс сотқа берілмек

Шымкент прокуратурасы қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа байланысты істің тергеуі аяқталғанын хабарлады. Іс келесі айда сотқа жіберілуі мүмкін, деп жазды Orda.kz.

«Тергеу аяқталды, тараптар іс материалдарымен танысып жатыр. Осыдан кейін іс сотқа жолданады», — деп хабарлады қадағалаушы орган.

Сайт Руслан Берденов қызметіне қайта оралды ма деген сұрақ жолдаған, алайда баспасөз қызметтің мәліметінше, ол әлі жұмысқа шықпаған.

Еске сала кетейік, 21 сәуір күні Руслан Берденовке әкімдік ғимаратынан шығып бара жатқанда мылтықпен бес рет оқ атылған. Шабуыл жасаған — оның қоластында жұмыс істеген Ернар Жиембай болып шықты.

Мамыр айының басында Берденов алғаш рет байланысқа шығып, дәрігерлерге алғыс айтып, емделу барысы туралы баяндаған болатын.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.