«НеМолчиKZ» қоғамдық қорының мәліметінше, 2024 жылдың 29 сәуірінде Лана есімді 15 жастағы қыз өз үйінің ауласында асылып қалған. Қыздың өлімінен кейін бір жыл өткенде оның 11-сынып оқушысы тарапынан зорланғаны анықталды. Олар бір-бірімен кездесіп жүрген, қыз оған сенген.
Лана бұл оқиғаны құрбыларына ғана айтып, ешкім сенбейді деп қорыққан. Сонымен қатар, ол әлгі жігіттің оны бұрын жұрт көзінше ұрып-соққанын да айтып жүрген. Хат алмасуларда қыз өзін кінәлап, үмітсіз күйде болғанын жазған.
Құқық қорғаушылар полицейлер істі Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша тергеп жатқанына алаңдаулы. Олар істі 120-бап (зорлау) бойынша қайта саралауды талап етуде.
Полиция бұл жайтқа қатысты тергеу жүріп жатқанын, барлық куәгерлерден жауап алынатынын және заң аясында шешім қабылданатынын мәлімдеді. Қосымша мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.