«Доктор Дисикуштың стоматологиясы» клиникасының дәрігерлері — Берік Сапақов пен Ақбота Итемгеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға медициналық міндеттерін тиісті деңгейде орындамады деген айып тағылған.
Іс материалдарына сүйенсек, 2024 жылғы ақпанда Итемгенова 13 жастағы балаға 26 тісін жұлып берген. Кейін балада жақ сүйегі ісініп, ауыз ашу қиынға соққан. Бір аптадан соң рентген түсірілімінде тіс түбірінің толық алынбай, гаймор қуысына өтіп кеткені анықталды.
Қалған түбірді алып тастауға әріптесі Сапақов кіріскен. Алайда ол түбір жатқан каналды ашық күйінде қалдырған. Соның салдарынан оған тамақ қалдықтары түсіп, қайта қабыну басталған. Бала әлсіреп, ірің пайда болған.
Салдарынан қыз балаға жақ-бет хирургия бөлімінде екі рет жалпы наркозбен операция жасалып, оған «созылмалы остеомиелит» диагнозы қойылған.
Тексеру нәтижесінде Итемгенова тісті толық алғанына көз жеткізбей, бақылау рентгенін жасамағаны анықталды. Ал Сапақовтың жасаған екінші операциясы стационарда жүргізілуі тиіс болған.
Сонымен қатар клиникада балаларға рентген және кеңес беру қызметін көрсетуге лицензиялық қосымшаларсыз медициналық көмек көрсетілгені белгілі болды.