Біз
әлеуметтік
желіде
13-06-25 |
730 рет қаралған
Алатау баурайындағы генерал Новиковтың жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Алатау баурайындағы генерал Новиковтың жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы сотының сот алқасы прокуратураның талабын қанағаттандырып, «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС-нің Іле Алатауының баурайындағы 840 гектар таулы жерге меншік құқығын жарамсыз деп таныды. Жалпы құны 54 миллиард теңге болатын бұл жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Прокуратура мәліметінше, бұл жерлер су қоры санатына жатқызылған — демек, заң бойынша жеке меншікке берілмеуі тиіс.

Бұған дейін аталған жер телімі бастапқыда заңсыз берілген деп прокуратура мәлімдеген еді. 820 гектар шамасындағы жер арқылы шағын өзен ағып өтеді. Осыған сүйенген прокуратура бұл аумақ су қоры нысандарына жататындықтан, 2004 жылы мәміле жасалған кезде мұндай жерлерді жекешелендіруге заң жүзінде тыйым салынғанын алға тартқан.

ЖШС құрылтайшылары — генерал-майор Павел Новиков және «Халықаралық клубтар қауымдастығы» қоры. Компания бұл жерлерді ауыл шаруашылығы мақсатында, атап айтқанда апорт сұрпының алмасын өсіру және Сиверс жабайы алмасын сақтау үшін алғанын мәлімдеген. Фирма өкілдерінің айтуынша, олар бұл жерде коттедж салмаған, дегенмен жер тартып алынған жағдайда элиталық жылжымайтын мүлікке айналып кетуінен қауіптенген.

Генерал-майор Новиков бұған дейін егер сотта жеңіп шықса, таулы аймақта экологиялық парк ашуға уәде берген болатын.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.