Алматы облысының прокуратурасы облыстың ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру нәтижелері бойынша бюджеттік субсидияларды ұрлаудың, оларды заңсыз төлеудің және шаруаларға “таңдау әдісімен” төленген жүйелі схемаларын анықтаған.
Субсидиялау саласындағы қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасы 4,8 млрд теңгеден асты.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша өтеу процесі басталып, бүгінде бюджетке 110 млн теңге қайтарылды.
Ауылдардағы әлеуметтік-өндірістік кооперативтер асыл тұқымды жануарларды алу мақсатында селекциялық жұмыстарға арналған 1,2 млрд теңге субсидияны ұрлаған.
Іс жүзінде бұл жұмыстар орындалмай, құжаттар ресми түрде ресімделіп, облыста асыл тұқымды мал саны ұлғайтылмаған.
Облыс әкімдігінің есептік деректері бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Асыл тұқымды қойларды селекциялау бағдарламасын іске асыру нәтижелері бойынша 4 жылда олардың саны 1,9 млн-ға дейін ұлғайтылды.
Алайда, деректер тек қағаз жүзінде қалды, прокурорлық тексеру облыс бойынша асыл тұқымды қойлардың саны небәрі 367 мың бас екенін көрсетті.
Облыста ауыл шаруашылығын дамытудың тиімділігін талдау жалғасуда.
Мысалы, Ұйғыр ауданында тіркелген жануарлар жоқ бола тұрып, 2023 жылы селекциялық жұмыстарды жүргізгені үшін 45,2 млн.теңге сомасына субсидия алды.
Субсидия алған кезде бұл кооператив өзінің жеке ауласы ретінде Ұйғыр ауданыны тұрғындарының ауылшаруашылық жануарларын тіркеген.
Әкімдік мал басының нақты сақталуына мониторинг жүргізбегендіктен, мемлекеттік бюджетке залал келтірілуде.
Ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі 5 тергеу басталып, заңсыз төленген субсидияларды қайтаруға 3 ұсыну енгізілді.