02-05-24 |
34690 рет қаралған
Алматы облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар әшкере болды.
Алматы облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар әшкере болды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы карьерлердің бірінде пайдалы қазбалар заңсыз өндірілген. Бұл туралы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мәлім етті.

Аталған іс бойынша күдіктілердің барлығы анықталған. Әрқайсысының қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы тексеріліп жатыр. 

 – Ер адамдар өзен бойындағы кен орны аймағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргені алдын-ала анықталған. Жүргізілген сараптама нәтижесінде көлемі 27 455,47 текше метр балласт екенін көрсетті. Тексеру барысында ер адамдар өндірген кенді мегаполис пен облыс аумағынан алғаны анықталды, — деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Мемлекетке келтірілген залал 122 млн теңгеден асты. Арнайы тұраққа 47 автокөлік мен арнайы техника қойылды. Жер қойнауын заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.