
Алматы қаласы Медеу аудандық соты қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Н. Кажиннің үкімін жариялады.
Антикордың мәліметінше, ол аула аумақтарын санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға жәрдемдесу сылтауымен 19,5 млн теңге сомасында жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды.
«Кажинге мемлекеттік қызметте және мемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы үкіммен мемлекет кірісіне айналатын жалпы сомасы 21 млн теңгеден астам екі автокөлік құралы түрінде мүлкі тәркіленді», – делінген хабарламада.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
-
04.03.2025
-
04.03.2025
-
04.03.2025
-
04.03.2025
-
04.03.2025
-
04.03.2025
-
04.03.2025
-
04.03.2025
-
03.03.2025