Қаскеленде 41 жастағы жүкті әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болды.
Оқиға орнындағы суреттер әлеуметтік желілерде таралып кетті. Қаскелен перинаталдық орталығының 41 жастағы науқасы өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Әйелді жедел жәрдем қызметкерлері құтқарып қалды.
Белгілі болғандай, полицейлер бұған дейін Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге апару) бойынша қылмыстық іс қозғап, тексеру ұйымдастырған.
«Расында, бұл оқиға 24 қазан күні Қаскелендегі перзентханада орын алған. Барлық мән-жай мен себептер тергеу барысында анықталады», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы шағын аудандарының бірінде әйелдің үш баласымен 9 қабаттан секіргені туралы хабарлаған едік.