arasha.kz

Алматыда терроризмді насихаттаған екі шетелдік азамат ұсталды

2024 жылғы 28 мамырда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұсталды.

Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған. 

Олар Қазақстанға осы жылы келген, тұрақты жұмыстары болмаған. 

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Exit mobile version