Қала прокуратурасы жүргізген тексеру шеңберінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузия азаматтарының заңсыз көші-қон легі анықталды.
Шет ел азаматтарының ел аумағына заңсыз келуіне, жалған құжаттар бойынша тұрақты тұруға рұқсат алу негіз болған.
“05.06.2024 жылы Наурызбай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігімен Наурызбай ауданының прокуратурасы бастаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша айыптау үкімі шығарылды. Кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды”, – делінген хабарламада.
Әдетте заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, жалған фирмалар арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта прокуратураның қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кіріс органдары, жалған фирмалардың мемлекеттік тіркеудін жарамсыз деп тану жұмыстарын жүргізуде.
Заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, қадағалау қызметінің өзекті бағыттарының бірі болып қалуда.