Алматыда жас жігітті ұрып, видеоға түсірген күдікті ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Оған қатысты зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.