Алматыда жүгері сатып нәпақасын тауып жүрген тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тұңғыш Президент саябағында саудамен айналысқан азамат тәртіп сақшыларының назарына осымен екінші рет ілігіп отыр.
Полицияның мәлімдеуінше, ол бірінші рет рұқсат етілмеген орында сауда жасағаны үшін және тәртіп сақшыларына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Осыдан кейін піскен жүгерісін арқалаған ер адам саябаққа тағы келген. Енді оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
«102 пультіне Дулати даңғылындағы заңсыз сауда-саттыққа байланысты қоңырау түсті. Оқиға орнына учаскелік инспектор барды. Азаматтардың шағымы расталды. Әкімшілік хаттама толтыру кезінде ер адам қарсылық білдіріп, полиция қызметкеріне зақым келтірді. Күдікті ұсталып, қамауға алынды»,-деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Қазір интернет желісіне тарап кеткен видео бойынша халық полицияның әрекетін сынап жатыр.
Видео инстаграмдағы kris_p_almaty парақшасынан алынды
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024