19-02-24 |
6580 рет қаралған
Алматыдағы «Қазақстан» шипажайы мемлекетке қайтарылды.
Алматыдағы «Қазақстан» шипажайы мемлекетке қайтарылды

2013 жылы шипажай директоры «Қазақстан» шипажайдың барлық мүлкін кепілге қойып, кірісті жасанды түрде арттырып, ғимараттарды жөндеуге 2,6 миллиард теңге несие алған.

2021 жылы 700 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін директор мен басқа да тұлғалар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«Несие беру кезінде банк шипажайдың төлем қабілеттілігіне талдау жүргізбегені анықталды. Осыған қарамастан 2022 жылы сотпен жалпы 3 млрд теңге қарызды өндірді. Алматы қаласы прокуратурасының апелляциялық шағымы бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, бұл сома 1,8 млрд теңгеге дейін қысқартылды», – делінген прокуратура таратқан мәліметте. 

Өз кезегінде Медеу ауданының прокуратурасы кепіл шартының заңсыздығы мен жарамсыздығына байланысты оны жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінген.    

12.12.2023 ж. прокурордың талап арызы Алматы қаласы АМЭС-пен қанағаттандырылды.

Осылайша, прокуратураның шараларымен құны 7 миллиард теңгеден асатын мемлекеттік санаторий заңсыз кепілден алынып, оның қарызы 1,2 миллиард теңгеге қысқарды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.