
Алмасхан Ахмежанов кінәлі деп танылды. Сот оны 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, мүлкін тәркілеу және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салу туралы шешім шығарды.
Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді. Ахмежанов заңсыз құрылысқа келісім беру және мемлекеттік жерлермен жасалған алаяқтық әрекеттер бойынша айыпталған.
Сондай-ақ сот Алматының жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы Ардақ Самамбековті кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым сала отырып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Алматының жер қатынастары басқармасындағы жерге орналастыру, алып қою және резервке қою бөлімінің экс-басшысы Ерлан Жармаханбетов 14 жылға сотталды. Бағалау компаниясының директоры Алмазхан Бакиров 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Кәсіпкерлер Мұханбеталы Шалқарбеков пен Берік Өскембаев 5 жыл шартты жаза алды.
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025