«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылары Қанат Алмабек пен Данияр Абдиғапаровқа іздеу жарияланды, деп хабарлады ҚазТАГ.
Іздеу базасында жарияланған мәліметке сәйкес:
«Алмабек Қанат. Іздеуде жүргеніне үш күн болды. Туған күні: 1984 жылғы 10 сәуір, жынысы: ер, Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты – қазақ. 2025 жылғы 23 мамырда тіркелген іздестіру ісі «Алматы облысы» өңірінде жүргізілуде. Іздеуді бастаған орган – ҚР ІІМ. Іздеуді жүргізуші орган – Қарасай аудандық полиция басқармасы», – делінген Алмабектің іздеу карточкасында.
Сол жерде Абдиғапаровқа қатысты ақпарат та берілген.
«Абдиғапаров Данияр Амалбекұлы. Іздеуде жүргеніне үш күн болды. Туған күні: 1982 жылғы 1 наурыз, жынысы: ер, Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты – қазақ. 2025 жылғы 23 мамырда тіркелген іздестіру ісі «Алматы облысы» өңірінде тіркелген. Іздеуді бастаған орган – ҚР ІІМ. Іздеуді жүргізуші орган – Қарасай аудандық полиция басқармасы», – делінген мәліметте.
Еске салайық, Алмабек пен Абдиғапаров қылмыстық топ құрамында аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Олардың есімдері Алматы мен Алматы облысы үшін маңызды сауда хабы саналатын «Алтын Орда» базары үшін ұзаққа созылған бақылау күресімен тығыз байланысты. Әсіресе, Алмабек пен Абдиғапаровтың қызметі базардағы сауда орындарына қатысты рейдерлік, жемқорлық және алаяқтық әрекеттермен қатар жүрді деген айыптармен ерекшеленеді.