ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов агенттік басшысының бұрынғы орынбасарының отбасы Алматыдағы зәулім үйді 2 миллиард теңгеге сатып жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде «Антикор» төрағасының бұрынғы орынбасарының әйелі Алматыдағы отбасылық үйді 2 миллиард теңгеден астамға сатылымға қойғаны туралы ақпарат пайда болған.
Ұлан Сарқұлов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпараттан хабардар екенін мәлімдеді.
«Бұл мәселемен тиісті бөлімшелер айналысып жатқанын да көрдік. Бұл жерде заңнамалық мәселелер бар екенін де түсінуіміз керек.Бұл мүлік жарияланса, соған сәйкес инвестицияланса, яғни біреу кәсіпкерлікпен айналысса (мемлекеттік қызметке келгенге дейін – ред. ескертпесі) жеке меншік құқығын да құрметтеуіміз керек», — деді ол.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024