Агенттік Мамандандырылған ХҚКО қызметіне кешенді мониторинг жүргізу барысында көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру кезінде елеулі жемқорлық тәуекелдерін анықтады.
Нормативтік құқықтық актілердегі олқылықтар, ақпараттық жүйелердің жетілмегендігі, басқа бағдарламалармен және дерекқорлармен әлсіз интеграция заңсыз әрекеттерді жасауға мүмкіндік берді.
Агенттік уәкілетті органдарға жемқорлық тәуекелдерін жою туралы ұсынымдар енгізді.
Процестерді автоматтандыру бойынша ұсыныстар көлік құралдарын тіркеу, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру ережелерінің жаңа редакциясында көрініс тапты.
Тіркеу іс-әрекеттері кезінде көлік құралдары иелерінің (өкілдерінің) және теориялық емтихандарды тапсыру кезінде жүргізуші куәлігін алуға үміткерлердің жеке басын міндетті биометриялық сәйкестендіру енгізілді.
Автокөлікті тіркеу бойынша жаңа ақпараттық жүйелер енгізілді, ол өтінімдерді ресімдеу және қарау кезінде деректерді түзетуге мүмкіндік бермейді. Өзгерістер енгізу құқығы тек әкімшілік полиция комитетінде.
Агенттіктің ұсынысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың мамыр айының басынан бастап көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама беруді электрондық форматқа ауыстырды. Бұл қағаз тасығышта жалған анықтамалар беру мүмкіндігін болдырмайды.
Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды тапсыру процесінде бейнетіркеу енгізілді. Енді бұл процесс қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін тікелей эфирде көрсетіледі.
Емтихандарды қайта тапсыру рәсімдері реттелді. Қайталама әрекеттердің саны – 2 реттен артық емес, өтпеген жағдайда-3 айдан кейін, тыйым салынған заттарды пайдаланған кезде – 6 айдан кейін емтихан тапсыра алады.
Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің арқасында осы саладағы тәуекелдерді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік туды.
Алайда, қазіргі уақытта жекелеген азаматтар, сондай-ақ Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ақшалай сыйақылар үшін мәселелерді шешуге тырысуда.
Мәселен, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ол құжаттарды кедергісіз қабылдау және жүргізуші куәліктерін алу үшін автомектеп курсанттарын емтихан тапсыруға жіберу сылтауымен жергілікті кәсіпкерден 930 мың теңге сомасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденді деп күдіктелуде.
Оның іс-әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «көмекшілерге» жүгінбеуге және заңнама шеңберінде мемлекеттік қызметтерді алуға кеңес береді.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024