09-10-24 |
2050 рет қаралған
Антикор Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғаларын ұстады.
Антикор Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғаларын ұстады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті салық тексерулеріне оң рұқсат бергені үшін Қаржы министрлігінің лауазымды адамдарының кәсіпкерлік субъектілерінен ақша қаражатын заңсыз алу жөніндегі қылмыстық схемасының жолын кескендерін мәлімдеді.

Арнайы операция барысында Алматы және Астана қалаларында ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қаржы министрлігі басқармаларының басшылары әшкереленді.

«Олар кәсіпорынға толық сомаға азайтылуы тиіс 570 млн теңге мөлшерінде салықты негізсіз қосымша есептеу туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізе отырып, делдал арқылы осы фирманың өкіліне жүгініп, одан ақшалай сыйақы талап етті деген күдікке ілінді. Алдағы уақытта аталған мәселені шешу сылтауымен 68 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алу үстінде Қаржы министрлігінің лауазымды адамдары мен делдал әшкереленген», – делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдіктілер электронды бақылау құралдарын қолдана отырып, «үй қамағына» алынды.

Ведомствоның басқа лауазымды адамдарының қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.