Экология министрлігі ақбөкенді төлдету кезінде видео мен суретке толықтай тыйым салуды ұсынды.
Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ақбөкенді төлдеу кезінде видео мен суретке түсіруге толық тыйым салуды реттейтін арнайы құжат əзірлеуге бастамашы болып отыр. Осылайша, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті арқылы бұл бағыттағы жұмыс күшейтіледі.
ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметі департамент мұндай ереженің бұрын қабылданбағанын атап өтті. Бұл бастама қоғамдық наразылықтан соң қолға алынды.
Экология министрлігі Қазақстан ақбөкендердің ең көп шоғырланған мекені екенін еске салды.
«Әлемдегі ақбөкендердің 90% -дан астамы біздің елде. Мұнда ақбөкендердің үш популяциясы – Бетпақдала, Орал және Үстіртті мекендейді», деді ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметі.