Сандықтау ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде жер заңнамасының сақталуының заңдылығына талдау жүргізген.
Қазақстан Республикасы Мемлекет Басшысының 2016 жылғы 6 мамырдағы мораторий енгізу туралы Жарлығын бұза отырып, шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру шарттарында уақытша жер пайдалану құқығын беру фактілері анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша сот шешімімен мемлекеттік қорға кадастрлық құны 42,5 млн тг ауыл шаруашылығы мақсатындағы шетелдік тұлғаға заңсыз берілген 1,4 мың гектар жер қайтарылды.
Жер заңнамасының сақталуының заңдылығы мәселесі қадағалау органының тұрақты бақылауында.