arasha.kz

Ақмола облысының тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды

Жильцы аварийного дома в Щучинске выиграли суд против акимата

 
Ерейментау ауданының прокуратурасымен кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алимент өндіру бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде.
 
Ағымдағы жылы прокуратураның бастамасымен ҚК-нің 139-бабы (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қаскөй борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
 
Атап айтқанда, борышкер бір жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған үш баланың пайдасына 1,7 млн теңгеден астам алимент төлеуден жалтарған.
 
Сотта мемлекеттік айыптаушы борышкердің кінәсін толық дәлелдеді.    
 
А.ж. 5 қарашада сот қаскөй борышкерге пробациялық бақылау белгілей отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағай ындау туралы үкім шығарды.
 
Сондай-ақ, прокуратураның бастамасымен 4,2 млн теңге қарызы бар басқа борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар, Ерейментау ауданы прокуратурасының шараларымен кәмелетке толмаған балалардың пайдасына 1,5 млн теңгеден астам сомаға алимент өндірілді.
 

Exit mobile version