Бұланды ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша аудандық білім бөлімінің қызметіне талдау жүргізді.
2022-2024 жылдар бойы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде Бөлім техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауардың жеке өнім берушіге тиесілігін айқындайтын тауар белгілерін, фирмалық атауларын, өндірушінің атауларын заңсыз көрсеткені анықтаған.
Атап айтқанда, күзет-өрт дабылы жүйелерінің жабдықтарын, кеңсе техникасын, сондай-ақ құрылыс материалдарын сатып алуға 11 шарт анықталды.
Жоғарыда аталған заң бұзушылықтар бәсекелестікті едәуір тарылтады, әлеуетті өнім берушілердің ауқымын шектейді.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Бөлім басшылығы ӘҚБтК-нің 207-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 1 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды (айыппұл қысқартылған тәртіппен төленді).