04-04-24 |
9120 рет қаралған
Ақша жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы ұсталды.
Ақша жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы ұсталды

Ірі мөлшерде қаражат жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.

«Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды», – делінген хабарламада.

Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.