22-10-24 |
2700 рет қаралған
Ақтау әуежайын тергеп-тексеру басталды.
Ақтау әуежайын тергеп-тексеру басталды

Маңғыстау облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті Ақтау халықаралық әуежайының автотұрағына қатысты бағаны көтеру және бәсекелестік қағидаларын бұзу күдігі бойынша тергеп-тексеруді бастағандарын мәлімдеді.

Тексеру себебі – бағалардың өсуі: автотұрақта 15 минуттан артық тұрғаны үшін 500 теңге мөлшерінде ақы алынады.

Алдын ала нәтижелер, әуежай қызметтерін пайдаланатын халықтан қаржы алу арқылы шамадан тыс пайда көру мақсатында теріс пайдалануы ықтимал екендігін меңзейді.

«Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы бойынша департамент облыс әкімдігімен жасалған концессиялық келісімді талдап, «АТМ Grup» ЖШС филиалының қызметін тексеруде. Егер монополияға қарсы заңнаманың бұзылғаны расталса, концессиялық келісімді бұзу немесе оның шарттарын өзгерту туралы нұсқама беріледі», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.