Ақтаудағы тұрғын үйлердің кіреберісінде ер адам әйелін балаларының көзінше ұрған видео желіде тарады.
Кадрларда агрессордың әйелдің қолын қалай бұрап, аузын жапқанын көруге болады. Сосын әйелін куәгерлер бар-жоғын тексеру үшін босатады… Және әйеліне тағы соққы жасайды.
Кейінірек кадрда үй тұрғындарының бірі пайда болады, оның келісімен ер адам зорлық-зомбылықты біраз уақытқа тоқтатады. Әйелдің айқайы мен балалардың жылаған дауысы естіледі.
Полиция агрессорға қазірдің өзінде іздеу жарияланғанын айтты.
Бұл жағдай Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу қажеттігін тағы бір еске салады.