Осы жылдың мамыр айында қаладағы сауда желілерінің бірінде ет өнімдерін витринада көрсетілген баға белгісінен 20%-ға жуық жоғары бағамен сату фактісі анықталған.
Бұл факті бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қаулысымен заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Алайда заңды тұлға өкілінің шағымы бойынша Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты уәкілетті орган қаулысының күшін жойды.
Прокуратураның актісі бойынша Маңғыстау облыстық сотымен бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылып, сауда желісіне 738 400 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өткізу кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында.
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024