15-05-24 |
12040 рет қаралған
Ақтөбеде бюджет қаражаты қолды болған.
Ақтөбеде бюджет қаражаты қолды болған

Ақтөбе қаласы прокуратурасымен мектептерде жүргізілген тексеру кезінде бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтаған.

2023 жылдың ішінде бухгалтерлер жымқыру мақсатында өз есепшоттарына заңсыз ақша аударған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 22 млн теңгеден астады.

Сонымен қатар, жұмысты толық орындамаған мердігерлерге бюджет қаражатын төлеу деректері де анықталды.

Барлық құқық бұзушылық деректері бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігімен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.