08-10-24 |
2040 рет қаралған
Ақтөбеде хром өңдеу мекемесіне 2,9 млрд теңге айыппұл салынды.
Ақтөбеде хром өңдеу мекемесіне 2,9 млрд теңге айыппұл салынды

Ақтөбе табиғат қорғау прокурорлары Хромтау ауданында хром кенін өңдеумен айналысатын «Восход Хром» ЖШС-і қызметін тексерді.

Тексеру көрсеткендей, компания 2022 жыл бойы міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген.

Тиісінше, осы кезеңдегі барлық эмиссиялар– бұл атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы көлемі 395 мың тонна болатын ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормадан тыс артық, яғни заңсыз деп танылды.

Прокуратураның шараларымен кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асырғаны үшін, 2,9 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта айыппұл толығымен өндіріліп, қаражат бюджетке түсті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.